ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықтаңыз.
Күнгей Алатауының аңғарында табиғи жағдайда пайда болған көрікті үш тау көлі – Төменгі Көлсай, Орта Көлсай және Жоғарғы Көлсай орналасқан.
Ең терең көл – Төменгі Көлсайдың тереңдігі 80 метрге жетеді. Суы мөлдір де айнадай. Таңертеңгі уақытта көл бетіне таулар мен аспанның сәулесі түседі… Осынау күн сәулесімен жылтылдай құбылатын көрікті көріністерді сағаттар бойы сүйсіне қарап отыруға болады. Су астындағы өсімдіктер де айрықша жарқырап көзге шалынады. Тап-таза көл суынан кемпірқосақ түсті ханбалықты оңай көруге болады. Төменгі Көлсай көлі теңіз деңгейінен 1818 метр биікте жатыр.
Таудың арғы жағында 2850 метрлік биікте ең биік көл – Жоғарғы Көлсай орналасқан. Бұл – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі үш көлдің ішіндегі ең кішкентайы, ең таязы және ең суығы. Бұған су тұп-тура мұздақтардан кеп қосылады. Жартасты жағалауларға бұталар мен тау гүлдері көрік береді. Ал Тянь-Шань шыршалары бұл арада онша көп емес. Төменгі Көлсайдан Жоғарғы Көлсайға дейін тау ішімен 16 километр жүріп өтуге әркімнің шамасы жетпейді. Тап осы жерден экстримал-туристер Сарыбұлақ асуы арқылы Ыстықкөлге жаяу аттанады…
Жоғарғы Көлсайдан өзен ағып шығады да Ортаңғы Көлсайды (Мыңжылқыны) мұздақ суымен қоректендіреді. Ортаңғы Көлсай теңіз деңгейінен 2252 метр жоғарыда орналасқан. Ортаңғы Көлсайдың тереңдігі 50 метрге жетеді. Бұл – үш көлдің ішіндегі ең үлкені. Оның сыртқы түрі жүрекке ұқсас. Бұнда Тянь-Шань шыршалары патшалық құрған. Жағалауда жеміс-жидекті бұталар көп. Ауаға қылқан жапырақтылардың хош иісі мен тау салқындығы сіңген. Жан баспаған пәк табиғат жолаушыны шаттыққа бөлеп, еліктіре түседі. Көлсай өзендерінің аңғарымен бірінші көлге қайта ораламыз.
Жартасты жағалауларға бұталар мен тау гүлдері көрік береді.
Бұнда Тянь-Шань шыршалары патшалық құрған
Жан баспаған пәк табиғат жолаушыны шаттыққа бөлеп, еліктіре түседі.
Күнгей Алатауының аңғарында табиғи жағдайда пайда болған көрікті үш тау көлі – Төменгі Көлсай, Орта Көлсай және Жоғарғы Көлсай орналасқан.

Артқа

Алға

Rroshok Rroshok    1   18.10.2020 14:20    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi