ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Мәтінді оқып, мазмұндық жоспар тақырыптарын анықтаңыздар.
Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан
жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан.
Атасы немересіне жылдың маусымы ауысымен көштің қалай, қайда көшуін, суды қайдан тауып ішетінін,
жеті атасын білуі, елдің батыраларының ерлік хикаяларын әңгімелеп, адамды жақсы ететін де, жаман
ететін де тәрбие екенін жастайынан баланың бойына сіңіріп отырған. Жас ұрпақты бұлай тәрбиелеудің
маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы
әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де «Сен оңбассың, адам
болмассың» дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн көрмеген. Адамдықтың парызын перзентінің
көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап отырған.
Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген
Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел
басқартқан, шешендік сөз өнеріне қатыстырып тәлім берген.
Дұрыс жауап саны: 3
Атадан балаға мұра болған қасиеттер.
Қазақ халқының ерекшелігі.
Тәрбие тал бесіктен бастау алар.
Батырлардың атын білу-басты тәрбие.
Қазақ баласының санасында халық қамы.​

ilonaananko200 ilonaananko200    2   15.03.2021 21:11    2

Ответы
Fast2791 Fast2791  14.04.2021 21:13

1. Атадан балаға мұра болған қасиеттер.

2. Тәрбие тал бесіктен бастау алар.

3. Қазақ баласының санасында халық қамы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi