ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ Ұлттар достығының ұйытқысы Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені, оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасы бар емес пе. Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рухы бар қазақ халқы ынтымақ пен достықты қадірлейді. Еліміз әрдайым ұлтаралық достықты, ынтымақты басты ұстаным еткен. Соның нәтижесінде Қазақстанда ұлттар достығы қалыптасып, ұлтаралық жарасымдылық барынша жолға қойылған. Басты мақсат – ынтымақтастықты сақтау. Қазақстанда барлық ұлттар ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Еңбек еткен кез келген ұлт өкілінің тамағы тоқ, көйлегі көк. 1 мамыр – Қазақстан халқы мен ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымақ күні. Мұндай айтулы күндер әр мемлекетте бар. Десе де, әр ұлт өкілінің қиын-қыстау заманда қалай келгендері, қазақтардың қамқор болғандары көкірегінде сайрап тұр. Қолы ашық, қонақжай қазақ халқы оларды жатсынбады. Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бейбітшілік бесігіне айналған елімізді мақтан еткісі келеді. Биыл уыздай ұйыған берекеміздің берекетін әйгілеп, осы айтулы күнді айрықша өткізбек. Әрдайым қазақ жерінде тыныштық болсын. Тапсырма 1. Мәтін мазмұнына лайықты даналық ой [1] Бөтен жердің гүлінен Туған жердің тікені артық. Елің – панаң, Жерің – анаң. Ит – тойған жеріне, Ер жігіт –туған жеріне. Бірлігі бар ел озады, Бірлігі жоқ ел тозады. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады. Артқа Алға