Тапсырмаларды орында. 1. Есептерді оқып, жауабын табыңдар. Бір отбасында бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Отбасында қанша бала бар?
2. Есептерді оқып, жауабын табыңдар. Менің атым- Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
3. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңдар. Дана әжем Анам...здың ан...сы, Ақ жаул...қты ақ әж...м. «Айн...лайын құлын...м», - Деп айтатын д...на әж...м. Еркел...тіп өсірг...н, Айн...лайын д...на әж...м. (М. Керейбаев)
4. Сәйкестендіру тесті орындаңдар. 1. Кім? 1. Сәкен, Ертіс, Байшұбар 2. Кімдер? 2. домбыра, гүл 3. Не? 3. әже , ана 4. Нелер? 4. әндер, құстар 5. Жалқы есім түрі 5. әжелер, аналар 6. Жалпы есім түрі: 6. Қобыз, ән, құс 5. Қарсы мағынадағы сын есімдерді жазыңдар: биік- жас- ащы- үлкен- ыстық-
6. Әр топтағы артық сөзді тауып, неліктен сол сөз артық түсіндіріңдер. Әке, ана, ата, әже, іні. Алма, жүзім, алмұрт, алхоры. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран. Қосу, азайту, әріп, көбейту. Дәптер, күнделік, қалам, бояу.
7. Əріптерден сөз жинаңдар: Кеә, жеә, өкз, лоқ, мала, алба, ңісіл, ғаа, рынқасад, неткерзей.
8. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жазыңдар. жылы биік ақ үлкен жуан жаңа 9. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар. 1.Мирас анасын … . 2. Анасы қызына … әперді. 3. Балалар… жүр екен. 4. Назира … келді. Керекті сөздер: сыйлық, ойнап, құттықтады, мектептен.
10. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазыңдар. Уа, халайық, халайық, М...нда наз...р салайық. Ел дәст...рін қолдамақ, М...шел жасын тойл...мақ. ... сынып оқуш...ларын, Қол шап...лақтап қарсы ал...йық.
11. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазыңдар. 1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа.
12. Берілген сөздердегі «у» қандай дыбыс екенін айтыңдар. Уақыт, тоқу, ауа, бояу, елу, таңдау, зәулім, оқу, қурай, қауын, салу, сурет, ойлау, өсіру. Дауысты : Дауыссыз :