Тапсырмалар және қою кестесі үлгісі

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-бөлім Түсіну/жауап беру

1. Р.Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» шығармасының жанрын анықтаңыз

А. Әңгіме

В. Өлең

С. Повесть

Д) Поэма

[1]

2. «Прописка» әңгімесінен фабуласы (мазмұны) негізінде берілген үзінділердің «Шындық» немесе «Жалған» екендігін анықтаңыз.

Р/с

Шығармадан үзінді

Шындық

Жалған

1

Суыр малақайын көкжелкесіне ысырып, автобустың қабырғасына шалқая отырып, Архат ойға батты.

 

 

2

«Сөйтіп, ол тордың қақпағын ашыпты да, құсты босатып жіберіпті. Құс он қадам ұшып барыпты да, мәуелі терекке барып қоныпты...»

 

 

3

«Көбісінің адресі жоқ, үйді-үйде «жоғалған» проптскалылардың әрқайсысына 500 сом штраф салып жатырмыз.

 

 

[1]

 

3. «Менің Дағыстаным» әңгімесінен берілген сюжеттер желісін композициялық құрылысына сай келетін тұсына «+» белгісін қойыңыз.

Р/С

1

2

3

4

5

Сюжеттер

желісі

Туған жерде кездесу

Париждегі кездесу

Ана келісімі

Суретші жігіттің сағынышы

Суреттер

мәні

 

Басталуы

 

 

 

 

 

Байланысуы

 

 

 

 

 

Шиеленісуі

 

 

 

 

 

Шарықтау шегі

 

 

 

 

 

Шешімі

 

 

 

 

 

 

[1]

4. Көркем шығармалардың идеясын  сәйкестендіріңіз.

Р/с

Көркем шығарма

 

Шығарманың идеясы

1

«Ана тілі» өлеңі

А

Ана сүтімен сіңген анна тілінің құдіретін ұғындыру

2

«Менің Дағыстаным» повестен үзінді

В

Еркіндіктің қадірін түсініп, тәуелсіздіктің бағасын дәріптеу

3

«Менің атым- Тәуелсіздік» өлеңі

С

Тәуелсіздікке жетуде Желтоқсан оқиғасының мәнін түсіндіру

4

«Прописка» әңгімесі

Д

Туған тіл, туған жерге деген құрметін нығайту

                                                                                                                                     [1]

 

5. Кейіпкерлерге берілген сипаттаманы сәйкестендіріңіз

 

Р/с

Сипаттамасы

 

Кейіпкер

1

Басқаның жолын кесіп, асыра сілтеген эпикалық кейіпкер

А

Архат

2

Елінің тәуелсіздігін жырлаған лирикалық кейіпкер

В

Расул Ғамзатов

3

Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін тағдыр тауқіметіне жолыққан эпикалық кейіпкер

С

Николай бригадир

4

Өзінің туған жерін шексіз сүйетін, ана тілінің болашағы үшін алаңдаған лирикалық кейіпкер

Д

Ерлан Жүніс

                                                                                                                                    [1]

 

2-бөлім Анализ/интерпрация

6. Үзіндіні оқи отырып, эпизодтың  маңыздылығына дәлелді негіздеме жасаңыз.

«...Архат өз ойымен оңаша отырған. Оның ойына ешкім де, ештеңе де тосқауыл бола алмас. Адам ойы- ерікті, әй, бірақ әумесер де... Әйтпесе төрт ай бойы тепсе темір үзетін бұл сергелдеңге түсер ме, осы бейнетті кешер ме? Әскер қатарынан келген кезде Алматыда болған Желтоқсан көтерілісіне бола «пропискаға» отыра алмай қаңғырмас еді қаңбақтай...Ал Архат айлап қаңғыды».

 

[3]

 

7. Берілген өлең жолынан автор бейнесін анықтап жазыңыз.

... Тәуелсіздік ше?

Ол – мені тегім,

Ұлдарыма оны дарыттым.

Тәуелсіздік – мен,

Ол – менің асқақ аңызым,

Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған,

Жарық Күн!

[2]

 

 

 

 

 

8. Өлеңнен алынған үзінділерден көркем ауыстыруларды (троп түрлерін) анықтаңыз.

Р/с

Өлеңнен үзінді

Троп түрлері

1

Алып қорғанның құлағанын көрдім,

Небәрі алты жасымда,

Алып тұлғалар жылағанын көрдім

Бастарын сүйеп ғасырға.

 

2

Тәуелсіздік ше?

Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым.

Тәуелсіздік – мен,

Ол – менің асқақ аңызым

 

3

Алып сөздерді айта алғанын көрдім,

Ат төбеліндей халықтың

 

[2]

9. Р.Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» шығармасындағы  табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып сипаттап жазыңыз.

Кейіпкер бейнесі

Табиғат көрінісі

Оқиға орны

 

[3]

3-бөлім Бағалау/салыстыру

 

10. «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңі мен «Прописка» әңгімесіндегікейіпкерлердің қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап,«Тәуелсіздік – ел тұғыры» тақырыбындаәдеби эссе жазыңыз

 

 

[5]


                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   Тапсырмалар және қою кестесі үлгісі«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапс

pifi123 pifi123    3   26.05.2021 09:30    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi