Тапсырмалар және қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан

бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқылым

1 - Мәтін

1.Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз./ Внимательно прочитайте текст и выполните данные внизу задания по содержанию текста

Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.

Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.

Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі - Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.

Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.

(125 сөз)

1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 cөз немесе сөз тіркесі)./ Определите опорные слова в тексте (3 слова или словосочетания).

[1]

2. Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз./ Назовите крупнейшую в мире библиотеку.

[1]

3. Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды?/ В каком городе находится библиотека и в каком году была создана?

[1]

4. Кітапханада қай елдің туындылары сақталған?/ Произведения какой страны хранятся в библиотеке?

[1]

5. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз./ Определите основную тему текста.

[1]

2- мәтін

2. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. /Внимательно прочитайте текст и выполните данные внизу задания по содержанию текста.

Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен.

Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен.

Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар.

Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды.

(156 сөз)

1. Судың қандай қасиеті ауруларды жазады?

А) минералдарды реттеуі

В) иммунитетті күшейтуі

С) түрлі қалыпта болуы

D) таза энергиясы

[1]

2. Судың жетіспеуі ағзаға ...

А) күш түсіреді.

В) қатер төндіреді.

С) пайдалы болады.

D) оттегін тасымалдайды.

[1]

3. Су тапшылығының адамзатқа кері әсері қандай?

А) адамдар ауруларға ұшырайды

В) емдік мақсатта қолданады

С) суды үнемдеуді түсінеді

D) мұздықтарды ерітеді

[1]

4-5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз./ Правильно расставьте слова и составьте предложения, преобразую окончания.

4. Ауру, адам ағзасы, қорғау, су, түрлі



[1]

5. Жаһандық, ғаламшар, мәселе, үлкен, су тапшылығы, әкелу

[1]

Жазылым

Сөз тіркестері: асыл қазына, сыйлық, туған күн, қызықты ертегі, әдеби кітаптар, жақын дос, ұқыпты ұстау.

Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, « Кітап- бағалы сыйлық» тақырыбында 4-5 сөйлемнен тұратын мәтін жазыңыз. Сөйлемдерде болымды және болымсыз етістіктерді қолданыңыз./ Используя приведенные словосочетания, напишите текст из 4-5 предложений на тему « Книга - ценный подарок». В предложениях используйте положительные и отрицательные глаголы .

[ ]

Барлығы:


ЭТО СОЧ ПО КАЗ ЯЗ

Барбоси Барбоси    2   22.12.2020 17:26    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi