Тапсырма. Қызықты деректерді мұқият оқып, кесте бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.( Внимательно прочтите интересные факты и ответьте на следующие вопросы) Міне кезекті балаларыңызды таң қалдыратын қызықты деректер тізімін қабыл алыңыздар.
• Күнделікті тігін тіккенде немесе шаш қысқартуда пайдаланылып жүрген кәдімгі қайшыны Леонардо да Винчи ойлап тапқан.
• Адам көзін ашып түшкіре алмайды екен.
• Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар АҚШ-тағы ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардан да көп.
• Біздің құлағымыз бен мұрнымыз өмір бойы өсуін тоқтатпайды.
• Түйеқұстың миынан көзі үлкен.
• Ақ аюдың терісінің түсі негізінде қара түсті. Ақ аюлардың барлығы солақай болады.
• Қолтырауын тілін шығара алмайды.
• Тіл адамның денесіндегі ең мықты бұлшық ет.
• Ең алғаш машинкамен жазылған роман «Том Сойердың басынан кешкендері»
• Пілдер секіре алмайтын жалғыз хайуан.
• Грецияның ән ұраны 158 шумақтан тұрады.
• Жолбарыстың тек жүндері емес терісіде ала болады.
• Орта есеппен адам жеті минутта ұйықтайды.
• Дүниежүзінде адамдардан саны жағынан балапандар көп.
Дерек көзі: https://erketai.kz/siz-bilisizbe/kizikti-derekter/
Леонардо да Винчи не ойлап тапты? Түйеқұстың миынан несі үлкен? Адамның ең мықты бұлшық еті? Секіре алмайтын жалғыз хайуан? Грецияның ән ұраны неше шумақтан тұрады? Адам орта есеппен неше минутта ұйықтайды? Адамның қандай мүшелері өсуін тоқтатпайды?