Тапсырма Төмендегі тапсырманы орындаңыз.
ХХІ ғасырды электр құрылғыларынсыз елестете алмаймыз. Сондықтан тұрғындардың өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі-электр энергиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлемдегі басты мәселеге айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман кесіліп жатыр.
Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен жолын іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технологиялар көрсетілді.
1.Тақырып бойынша диалогты жалғастып, аяқтаңдар, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңдар.
- Сәлеметсіз бе?
- Қалың қалай, балам?
- Жақсымын, аға. Не істеп жатырсыз?
- Электр шамын ауыстырып жатырмын.
- Аға, электр энергиясын өндіру үшін не қажет?
2. Сөйлемдердегі есімдіктерді мағынасына қарай кестені толтырып жаз:
Осы даланың асты толған көмір, ... жүз жылға жетеді.
Ол ... айтқысы келген қозғалысын жасыра алмаса да, аузы батып айта алмады.
Тыңға барам десең, сені ... тоқтатпайды.
Мына мен ... ауданға әйгілі адаммын.
... осы жолы сыншы болып қайтыпсың.
Қажетті сөздер: өзің, бірнеше, әлденені, бүкіл, ешкім.
хелп мии СОР по казз язз хелп