Тапсырма Сіз ата-анаңызбен бірге Наурыз мерекесін тамашалаута алашга шықтыцыз. Алаңда не
көрдіңіз? Суреттерді пайдаланып, көрген қызықты окапалар туралы ДОКылына хат
жазыңыз. (10 сөйлем)

р
• Наурыз кандай мейрам? Ол қалай тойланып жатыр?
• Халык кандай коніл күше? Неге?
• Наурыздың басқа мерекелерден ерекшелігі бар ма.
болса қандай?
• Дастарқан мәзірі қандай болды?
• Қандай ұлттық ойындар ойнады?​

агамтасия агамтасия    1   17.03.2021 10:57    0

Ответы
UtkinaVioletta UtkinaVioletta  17.03.2021 11:00

Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi