Тапсырма Оқылым мәтіні
Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.
Бірде әскер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан баж етіп жаудың қалың қолы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Аңталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасшыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасшысына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді мырс етіп.
- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі бүгжең-бүгжең жүріп, қуана күлімдеп кетіп бара жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты шарт-шұрт болып тұтқиылдан қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Сұрақтар:
1Мәтін не туралы?
Аннотация, сипаттама.
2Мәтіннің негізгі ойы қандай?
3Мәтіндегі сюжеттік желі қорытындысымен келісесіз бе? Шынайы достық туралы өз ойыңыз.

iraromanova2002 iraromanova2002    2   11.12.2020 11:53    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi