Тапсырма Мәтіннен ортақ және ырықсыз етісті тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз. Бокс - арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыккан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9х4,9 м немесе 6,1х6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керiлген рингте өтеді. Бокс (ағылшынша box - соққы) ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12 - 15 раунд) ережелері бар. Бокстің алғашқы түрi ежелгі Грекияда ұйымдастырылып, Олимпиадалык ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап жұдырықтасқан.