Тапсырма. Мәтіннен 7-8 етістікті теріп жаз. Қазақ халқының кеңінен танымал болған спортшыларының бірі — грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, балуан Үшкемпіров Жақсылық Әмірәліұлы. 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.

MrStepWay MrStepWay    3   05.02.2021 07:04    2

Ответы
nog2018 nog2018  05.02.2021 07:10

Дүниеге келген

Шешетін

Қалап

Тәмамдап

Меңгереді

Белдесіп

Жеңіп алды

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Саня11671873478 Саня11671873478  05.02.2021 07:10

келген,түседі,айналыса бастады,меңгереді,шешетін,болды,жеңіп алды

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi