Тапсырма. Мәтінмен жұмыс
Мұндағы есімшелер қандай шақта айтылған? Жұрнақтарын көрсет.
Сын есімдерді тауып, сапалық және қатыстық сын есімдерді бөлек бағанаға көшіру
Өткен шақтағы есімшелерді келер шақ есімшелерге айналдырып жаз.
Киім – өмір бойы адаммен бірге жүретін серігі. Бірақ ол қазіргі біз көріп тұрған күйде болған жоқ. Әр тарихи кезеңде әр түрлі киім үлгісі болған. Қоғамның дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.
Сән (латынша – Modus) – өлшем, тәсіл іс- қимыл бейнесі. Сән белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Қазіргі сәнді демократияшыл десек те болады. Ол таңдау идеясы мен еркіндігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішіндерімен, үлгілерімен, алуан түрлі реңділігімен ерекшеленеді.
Стиль (stu is латын сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сол дәуірдің мәдениетін сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты анық ерекшелеген дәуір тілі.
Классикалық стиль: (Қатал, іскер, сәнді киіну) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді.
Спорттық стиль: – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер.
Романтикалық стиль: Әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдептіден тыс ерекше көрсетеді. Ерекшелігі – қатпарлар, желбіреуіштер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль: Ұлттық сипаттағы киімдер. Ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмысының элементтері кеңінен пайдаланылады.