Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып
көрсетіңіз. [6]
А мәтіні

Жетіқарақшы

Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы . Жетіқарақшы
Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның
іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп
отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының
қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде
пайдалаған.
«Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған
баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті
ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы
үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі
батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар
Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты
айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді.
Ә мәтіні

Саяхат бізге не үйретеді?

1. Саяхаттаудың ең қиын кезеңі – үйден шығу. Шынымен де, үйде отырғаныңызда
түзде өміріңізге қауіп келтіретін түрлі жағдайлар күтіп тұрғандай сезінуіңіз мүмкін. Қайда
тамақтанып, қайда ұйықтайтыныңызды білмей дал боласыз. Сізді тіл білмеу немесе
қаржылық жағдай тоқтатуы да ғажап емес.
2. Адамдар әрқашан да жылы шырайлы келеді Дамыған мемлекеттерге саяхаттайтын
болсаңыз ондағы адамдар сізге барынша құрметпен қарайтынына таңғалмаңыз. Тек кейбір
елдердің мәдениеті төмендеу аймақтарында ғана қауіп төнуі мүмкін. Бірақ қай елді
алсаңыз да, ондағы адамдар өзге елден келген саяхаттаушыларға аса зор құрметпен
қарайды, әрқашан көмек беруге дайын тұрады. Олар сізге жол көрсетеді, құдайы қонақ
етеді, өз елінің ең жақсы деген жерлерімен таныстырады, сіздің саяхатыңызға қызығып,
емен-жарқын әңгіме-дүкен құруға дайын болады.
3. Саяхат сіз ойлағандай қауіпті емес. Өзге елдің, қаланың адамдары да өзіңіздің
туып өскен жеріңіздің адамдары іспеттес, сондықтан да сіздің Отаныңыздағы жақсылық
пен жамандық атаулары сапарлап барған жеріңізде де бар екенін ұмытпаңыз. Тіпті кейбір
елдерде қылмыс саны бойынша адам шошытарлық статистика болуы мүмкін. Бірақ мұның
барлығы да біржақты пікірден жиналған ақпарат. Сондықтан да қайбір ел туралы, ондағы
адамдар туралы жаман ойлауға кеңес бермейміз. Тіпті кейбір ақпараттар қаңқу сөзден
құрылған болуы да мүмкін. Сондықтан саяхаттау кезіндегі түрлі қауіп-қатерлер мөлшері
сіздің Отаныңыздағы жағдайлармен бірдей, немесе тіпті аз болуы ықтимал.
А мәтіні Ә мәтіні

Қысқаша мазмұны
Нақты ақпарат

Жазылым

Сіз шетелде ұзақ мерзімді саяхатта жүрсіз. Досыңызға саяхатыңыздың қызықтарымен
бөлісе отырып, хат жазыңыз. Хаттың жанрлық, құрылымдық, ресімделуіндегі
ерекшеліктерді ескеріңіз. [7]
Хат жазуға қойылатын талаптар:
1.сәлемдесу, амандық-саулық сұрасу;

2.өзі туралы, қалай саяхаттап жүргендігі туралы жазу және хат жазу мақсатынан хабар
беру;
3.қорытынды ой, қоштасу.
4. хат соңында есімін және мерзімін көрсету

Семма0106 Семма0106    3   21.05.2020 11:36    13

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi