тапсырма. мәтіндегі қос нүктені теріп жаз Тіршіліктің төрт тірегі Ертеректе өмір сүрген даналар дүниедегі бүкіл тіршіліктің негізі төрт нәрсе деп білген: Күн, Ауа, Су және жер. Күн сәулесі D дәруменінің түзілуі үшін қажет. Бұл дәрумен тіс пен сүйек үшін құрылыс материалы болып табылады. Күн сәулесі жетіспеген жағдайда балаларда мешел пайда болады: бұл сырқат кезінде омыртқа қисаяды. Қартайған кезде күн көзінде сирек болатын адамдардың сүйегі сынғыш келеді. Күн сәулесі иммундық жүйені оята- ды, сондықтан жазда ағзаның ауруға қарсы тұру күші артып, адамдар Ауа. Дем алған кезде ағзамызға түсетін ауаның арқасында біздің жасушаларымыз аса қажетті оттегін алады. Ал тынысты сыртқа шығарған кезде ағзадағы көмірқышқыл газының мөлшері реттеліп сирек ауырады. отырады. Ежелгі шығыс медицинасы кез келген ауру дұрыс тыныс алмауға байланысты дейді. Дұрыс тыныс алған кезде өкпенің ауаны сыртқа шығару қызметі күшейеді. Бұл тәннен шығарылатын уытты заттар- дың ағымын қайта бөлуге көмектеседі. Су. Егер адам тамақсыз 40 күн өмір сүре алса, сусыз бір аптадан артық тіршілік ете алмайды. Тірі жасуша орта есеппен 70 пайызға су- дан тұрады. Су – көптеген химиялық реакциялар жүретін орта. Біздің - өміріміз осы реакцияларға тәуелді. Сонымен қатар су – күшті емдік құрал. Әбу Әли ибн Сина өзінің ережелерінде өзге емдік құралдармен қатар суды да денсаулықты сақтау құралы ретінде атап өтеді. Топырақ. Алдыңғы өмір тіректерімен салыстырғанда жердің қуа- ты күштірек. Ол өзі арқылы күннің де, ауаның да, судың да қуатын өткізіп, өзіне сіңіріп алады. Оның бұл күшін адамдар ертеден біліп, пайдаланған.

рудный1 рудный1    3   18.10.2021 20:24    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi