Тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздер қай есімдіктерге жатады? Ажыратып жазыңыз. Адам деген ардақты есімге ілесіп жүретін «адамгершілік» деген сөз бар. Адамның адамгершілігі өзінің жүріс-тұрысынан, үлкенді құрмет тұтып, кішіге көмектесу, басқаның мүддесін өз мүддесіндей көру, қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары ұстау сияқты іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрініп тұрады. Сен біреуге көмектесуден бас тартсаң, саған басқалар да көмектеспеуі мүмкін. Егер сен үкен кісілердің алдында тұрпайы сөйлеп, дөрекі мінез көрсетсең, «көргенсіз екен» дейді, ал жолдастарыңның арасында «мен жақсы оқимын» деп, менменсіп, кеудеңді қағып жүрсең, олар сені жек көріп кетуі мүмкін. Өркөкірек болма, кішіпейіл бол, өзімшіл болма, көпшіл бол. «Жалғыз ағаш орман болмайды, жалғыз жігіт би болмайды» дейді халқымыз. Көпшіліктен аулақтап, өз басынан өзгені қадірлей білмеген адам айналасындағаларға қадірі болмайды. Оқытушыларыңды, замандастарыңды сыйлай біл, сонда сенің өз басың да сыйлы болмақ. Туған ел, өскен жеріңді қадірлей білеуің керек, балам