Тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз.

БАҚША АҒАШТАРЫ

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуi де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады, баласы.

-Оның себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса, кесіп, бағу-қағумен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, - деді, атасы.

- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, - деді баласы.

- Бағу-қағуда көп мағына барында шек Жоқ, шырағым, мұнан сен де өзiңе өсиет алсан болады. Сен, жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы iске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің, бағусыз, бетiнмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, деді. (Ыбырай Алтынсарин.)​

Sashunya20061 Sashunya20061    1   04.05.2021 12:33    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi