-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Қою қаріппен жазылған сөздердің мағы- насын анықта.
«Тіл тарихы» үйірмесінің жетекшісі Зүбәйра апай
жазбаларды
зерттеген ғалым. Біз үйірмеде түркі тілдері, шумер тілдері туралы қызықты
мәліметтермен танысамыз. Апай: «Инновацияның басты мақсаты – жаңаны
табу, белгісізді тану, жоғалтқанды іздей білу. Осы жолда сендерге ақпа-
раттық технологиялар қызмет етеді», дейді.
Мен жақында ғаламтордан Олжас Сүлейменовтің «Қыш кітаптың» тари-
хы жайында жазған сөзін тауып алдым. Ақын: «...Мен үшін поэма жылдан-
жылға поэзиялық та, тарихи да мән-мағынамен толыға түсуде. Ой-ниет
ассириялық хроникаларда б.з.д. VII ғасырда болған нақты оқиға туралы ха-
барды оқығаннан кейін басталды», - дейді.
«Ғалым болу үшін өз тіліңе деген шексіз махаббат керек екен» деген
ой түйдім. Көне жазбадан бір ғана сөзді «көре алу» керек! Жаңашылдық
деген осы! Инновация - талмай іздену арқылы өткенді жаңғырту, бола-
шақты болжау екен! Ел Президентінің «рухани жаңғыру» деген сөзінің мәнін
енді түсіндім. Рухани жаңғыру – тарих пен инновацияның алтын көпірі!
«Қыш кітап» пен «Ғажайып планетаның» арасын байланыстыра алу да -
инновация! Ғылым мен білімдегі жаңашылдық! Әрбір түлек осыны түсінсін 5 вопросов