тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.
Бір ауылда егде тартқан қарт кісі өмір сүріпті. Жастайынан еңбекқор қария
тыным таппайды екен. Ауылдастары оған қызыға қарайтын болыпты. Бірде бай кісi қарт адамның жеміс ағашын отырғызып жатқанын көріп оған таңғалыпты.
Үндемей қалуды жөн көрмеген бай қарияға:
-Атай, сіз ғой қартайдыңыз. Отырғызған ағашыңыздың жемісін көре алмайсыз,
Олай болса неге осынша еңбектеніп жатырсыз? - дейді.
Қарт байға күлімсіреп қарап тұрып:
-Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де
отырғызайық, жемісін кейінгілер жесін, - деп жауап береді.
Бай кісі оның жауабына риза болып, қартқа бір уыс ақша береді. Тағы да күлімсірей қараған қарт:
-Кердің бе, балам, бұл шыбықтың жемісін , міне, мен де көрдім, - дейді.
1-тапсырма. Мәтін бойынша 2 сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

3-тапсырма Мәтінге тақырып қой..
4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сай мақал-мәтел жаз...​

алёнка1234567891 алёнка1234567891    2   06.05.2020 10:29    3

Ответы
alapova1 alapova1  14.10.2020 08:09

1 тапсырма

Мәтін не тұралы?

Ата не деп айтады?

2 тапсырма

Еңбек

3 тапсырма

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi