Тапсырма: Мәтінді түсініп оқыңыз. Екі мәтіндегі ақпараттарды салыстырып, сұрақтарға жауап беріңіз. 1-мәтін
Жақсы маман болу маңызды. Қазіргі таңда қандай кәсіп иелері сұранысқа ие болып отыр? Сонау жылдары көптеген зауыттар мен фабрикалар жабылып қалып, өндіріс орындары тоқтағаннан кейін, жұмысшы мамандарды дайындау ісі қажет болмаған еді. Бүгінгі күні кәсіптік білім беру өз ісін қайта жаңғыртқандай. Қазіргі кезде жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие болып тұр. Сонымен қатар, сарапшылар алдағы уақытта Астанада аудармашыларға сұраныс көп болмайтынын болжайды. Қоғамда көптеп саналатын, танымалдыққа ие экономист, мұнайшы, кеден ісі сияқты мамандықты таңдаушылар қатары күні бүгінге дейін кездесіп жүр. Бірақ оларға жұмыс орны аз болып келеді. Сондықтан да биылғы мектеп бітіретін түлектер техникалық мамандықтармен бірге инженер-құрылысшы, металлург, дәнекерлеуші, тағы сол сияқты жұмысшы мамандықтарын таңдай бастады. Дегенмен, мамандар алдағы уақытта, 2-3 жылдан кейін, оған да сұраныс азаятынын тілге тиек етеді. Керісінше, медицина мамандығы жыл сайын сұранысқа ие болуы жоғары болмаса, төмендемейді екен. Қазақстанда жыл сайын зерттеу жүргізіп отырған мамандардың түлектерге айтар кеңесі де бар екен. HeadHunter.kz порталының маркетинг және PR жөніндегі директоры Мәдина Денисова ТОП-5 қажетті мамандықтар: менеджерлер, IT мамандары, қаржы және есепші мамандары, маркетинг саласы (маркетолог, PR маманы), құрылыс мамандары деп көрсетті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда қазіргі кезде техникалық мамандықтар дәнекерлеуші, құрылысшы, автомеханик тапшы екенін мәлімдейді. https://kazakh-tv.kz/ (өңделген)
л
Объяснение: