Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз . Қазіргі таңда әлемнің қарқынды дамуы, жер бетіндегі адам санының көбеюі, адамзаттың тұтынушылық қабілетінің өсуі әсерінен, біздің өмірімізге ең қажетті азық-түлік, ауыз судың тапшылығы көп елдерде сезілуде. Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін ЭКСПО – 2017 көрмесінде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетіледі деп жоспарлануда. Еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, мен де оған азамат ретінде өз үлесімді қоспақшымын. Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілікке шақыру. Ата – бабаларымыздың «судың да сұрауы бар» деп, тегін айтпағанын келер ұрпаққа жеткізу.
Біздің өмірімізді электр энергиясынсыз, соның ішінде жарық шамдарынсыз елестету мүмкін емес. Қазіргі кезде электр энергисын өндіру әлемнің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса, оның табиғатқа деген зиянын есептей беріңіз. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман қоры аяусыз кесіліп жатқан заманда, келер ұрпаққа не қалдырамыз деп толғанып көрейік. Біз табиғатты қорғауға аз да болса үлес қоса аламыз …
1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
Мәтін не туралы?
ЭКСПО – 2017 көрмесінде энергия өндірудің қандай түрлері көрсетіледі деп жоспарлануда?
Ата-бабаларымыз суды үнемдеуге байланысты қандай нақыл сөз айтқан?
Қазіргі таңда электр энергиясын өндіру қандай мәселеге айналды?
1 экпо 2017 туралы энергия өндіру болашақ энергия
2 пайдалы казбалар азайып бара жатыр
3 судың да сұрауы бар
4 біз табиғатты пайдалану факультеті