-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
ауем «Ынтымақ» колхозының сиыр фермасында бастық болатын. Ауыл-
пан он шақырым «Қаражер» деп аталатын фермада тұрады. Шешем сиыр
сауады. Бұл – қыс мекендері, ал жаз шыға жайлауға көшіп кететін.
Жаз шыға бәріміз тоғайға отынға барамыз. Бір-бір құшақ отын көтеріп
келеміз. Ең алда – апам, содан кейін – құндыздай шулаған біздер.
күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті де жаздай арқалап
тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке-
шешеміздің мойнында. Огород, шұрқыраған қаз-тауық, екі сиыр мен ұсақ
малымыз бар. Апамның теректен ойып жасаған келісі мен ескі астауы бар
еді. Шынымды айтсам, бізді асыраған - осы келі мен астау. Тіпті бізді ғана
емес, ертеректе әкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған - осы келі мен астау екен. Ол тіпті әкемнен де үлкен. Олар апамның төркінінен Алтайдың арңы бетінен келген аса қымбат заттары болатын.
* мәтінге тақырып қой
* не себебіпті қойғаныңды дәлелдеп айт