Тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Махамбеттің үйі шулап қалды. Махамбет тілге келмей кетті. Бірақ талайға дейін жүрегі дүрсілдеп,миы шыңылдап, бүкіл өмірі көз алдынан өтіп жатты. Ақырғы сөзі «Әуес» болса, ақырғы ойы «Қайран халқым!» деген екі сөз сыйды. Жан тәсілім қыларда қанталаған қой көзін кең ашты. Жарық дүниемен қоштасып, Қараоймен арыздасты. Ұзақ жолдың түйіні қысқа екенін бірінші рет біліп бара жатты...
Жаңаберген би байлаулы аттарына келе жатты. Түсі өрт сөндіргендей. Тісі опырылып қалған Ықылас:
-Жақа, боталы түйені сіз жетектеңіз! – деп еді, ашулы би:
- Бүлінгеннен бүлдіргі алма! Менің ісім бітті, - деді.
Ықылас Махамбеттің атын мінгенде би тағы ашу шақырды:
-Е, немене, қолыңдағы бастың құны аз ба?! Жетікмектеріне қалдыр!
- Сұлтанның әмірі осылай,биеке!
Жаңаберген би жым болды. Махамбеттің жүйрік аты қарабеттің астында кетіп барды...
1-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1-сұрақ. Үзінді қай шығармадан алынған?

2-сұрақ. Махамбеттің сатқын досы кім?
1) Жаңаберген
2) Баймағамбет
3) Ықылас
4) Жәңгір хан

AvdAda24 AvdAda24    1   26.02.2021 11:33    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi