Тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
1989 жылдың 22 қыркүйегінде тіл туралы Заң қабылданды. «Қазақ ССР-інің тіл туралы» заңында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі ресми түрде атап көрсетілді. Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялады. 1997 жылы тіл туралы заңды толықтырулармен, өзгертулермен қайта қабылдады.
«Үш тұғырлы» тіл саясатын жүзеге асырудың жолдарында болып отыр. «Үш тұғырлы» тілге Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы болады. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп аталды.
1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
A. Тіл туралы
B. Өнер-білім туралы
C. Еңбекқорлық туралы
D. Адамгершілік туралы
2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.
A. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы
B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.
C. Біздің планетамызда 5651 тіл бар.
D. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.
A. әңгіме
B. сұхбат
C. ертегі
D. мақала
4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз.
(+ белгісімен белгілеңіз).
№
ақпараттар
дұрыс
бұрыс
1
1997 жылы тіл туралы заң қабылданды
2
Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалады
5. Төмендегі тақырыптарды қолданып, тіл туралы сөйлесіңіз. Жұбыңызға сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз.
* Қазақ тілі түркі тілдер тобы
* Тіл туралы Заң
* «Үш тұғырлы» тіл саясаты
6. Төменде берілген көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңыз.
Үйдің жанында, мектептің алдында, таудың басында, бөлменің ішінде