Тапсырма: Мәтінді оқып шығып, ПОПС формуласын толтырыңдар
Қазақ халқы Науыз күні тілеу көжені қазаннан басқа ыдысқа жасамайды. Себебі жеті
қазынаның бірі қара қазан үйдің құтын сақтайды деп біледі. Наурыз күні ерлер бірінші
болып ошаққа от тамызбайды. Ошаққа от тамызса, әйелім өледі деп ырымдайды, несібем
сарқылады деп сенеді. Қазан түбі құрғап қалуы ғажап емес деп ұйғарады. Сол күні
әйелдеріне от жағудан басқа түгел істеріне көмектеседі. Мұның бір жағы ортамызға от
түспесін дегені. Қазақта «Қазанның қарасынан сақта, қатынның жаласынан сақта» деген
тәмсіл сөз бар. Ерлер қазан ошақ жаққа ебедейсіздеу болады. Жыл басында ыдыс-аяқ
шалдырлап, абайсызда шағылып қалса, үйде реніш болуы мүмкін деп ырым етеді. Енді
бір жағынан әйелдің тұтынып жүрген нәрселерін қорғаны, әйелге болған құрмет-сыйы
болып табылады. Қазақта осыны дәлелдейтін мынадай сөздер бар:
Ұлыс күні қазан толса,
Сол жылы ақ мол болар.
Сонда олжалы жол болар,
Ошақтың отын әйел тамызса.
Шаңырағына құт қонар.
Әйел – үйдің құты,
Ер — түздің құты,
Қыз - үй құты.
Түз тамақ құты.
Әйелі бар үй құт,
Әйелі жоқ үй жұт.
Әйел асқан қазанға
Ердің жармасатын несі бар.
Дәмді піскен асына
Ердің айтар несі бар.
Әйелін қорлаған ердің
Өзінің де жолы тар.
Несібеден тарығар,
Тіршілігі болар қар.
Міне, осы сөздер әйел мен ердің орнын, жұмыс жігін ажыратып көрсетеді. Әсіресе
ойеплін жақсы ісін мадақтау, жақсы қылығын қолпаштау барлык казак
азаматтарының тек Наурыз күні ғана емес, бүкіл ғұмырындағы саналы өмірінін ,
мәйегі болмақ.
ПОПС формуласы
«Менің ойымша, »
«Мен оны былай түсіндіремін, ... »
«Мен оны мынадай фактілермен дәлелдеймін... »
«Мынадай қорытындыға келемін...»​

Gatkek Gatkek    1   26.03.2020 16:20    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi