Тапсырма. Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселелер бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз. Сүйіспеншілік - жаны ашу, аяушылық
Саудагер айналаны бақылап тұрған. Осы сәтте дүкенге шашы желп –желп еткен сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Тастары жалт-жұлт еткен алқаларды көргенде көздері жайнай түсті. Сәлден соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған алқаны нұсқады.
- Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып: - Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады. Бүлдіршін қалтасынан бірнеше тиындарды сылдырлатып үстелдің үстіне қойды. - Бұл жете ме? – деп сұрады. Бүлдіршін ұсынған ақша алқаның қорабына да жетпейтін еді. - Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Ол анамыз қайтыс болғалы бізді бағып келеді және өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні еді. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі дір етіп, елжірей түсті.
Алқаны жылтыр қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.
- Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр,жоғалтып алма, - деп алқаны ұсынды. Қуаныштан жүрегі лүп-лүп еткен бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Күн кешкіріп қалғанда дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. - Бұл алқа осы жерден сатып алынды ма?- деп асыл бұйымды үстелге қойды да, бағасын сұрады
- Мен кез-келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.
- Мына алқа таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп бойжеткен шыр-пыр болды. Саудагер қызға жалт қарады да, моншақты қайта ұсынды.
- Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...
Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.
№ Көтерілген мәселені айқындайтын сөйлем Проблемалық сұрақтар
1 - Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Ол анамыз қайтыс болғалы бізді бағып келеді және өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні еді
2 Мына алқа таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп бойжеткен шыр-пыр болды
3 - Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...
Дескриптор:
- мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды;
- проблемалық сұрақтар құрастырады.
Саралау тапсырмасы: Арнайы оқушыға ұсынылады
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз
1. Бүлдіршін дүкенге не үшін келді?
2. Ол әпкесіне не үшін сыйлық жасамақ болды?
3. Дүкенші не істеді?
4. Сен дүкеншінің орнында болсаң не істер едің?​

джем16 джем16    3   02.12.2020 13:54    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi