Тапсырма Мәтінді оқып, берілген кестені толтырыңыз, етістіктің шақтарын ажыратыңыз.
Ұлы Жібек жолы
Сауда кезінде жол бойындағы елдер бір-бірімен өзара мәдени жағынан да байланысқа түсті. XV ғасырда теңіз жолының дамуына байланысты Ұлы Жібек жолы маңызын жоя бастады. Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» деп аталған. Жібекпен бірге Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Рим, Франция, Византия, Русь, Иран мен Араб халифатында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды. Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың ғана емес, Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді.
Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған күміс ақша мен заттар көмбесі. Ақшалардың соғылған уақыты XIII ғасырдың 40–60 жылдары. Көмбеден табылған күмістен жасалған құрама белдік жапсырмалар, ортаазиялық бұрама білезіктер – теңдесі жоқ жәдігерлер.