Тапсырма Мәтінді оқы, жаңа сөздерден сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз./Прочитайте текст и сопоставьте новые слова и
словосочетания
Ежелгі көшпелілердің өнері мен мәдениетінде алтыннан түйін түю,
қола құйма әдістері ең жоғары жетістікке жетті. Оған археологиялық
қазбалардан табылған асыл заттар куә.
Бүкіл Еуразияның байтақ даласын күн шуақты, алтынды аң тәсілді
өнерімен көмкерген сақтар кейінгі ұрпағына мақтанарлықтай өлмес
мұралар қалдырды. Соның бірі – әлемді елең еткізген, біртума ескерткіш –
Есік қорғанынан табылған Алтын адам. Обада жерленген мәйіттің басынан
аяғына дейін алтынмен қапталған. Киім киісіне қарағанда, оның патша
сарайының мүшесі не тайпаның көсемі екені байқалады. Алтын адамның
киімі – әлемде теңдесі жоқ, адамзат тарихындағы ғажайып өнер
туындысы. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен тоғыз алтын адамның
табылуы – әлемдік сенсация! Ол бұйымдардың жасалу технологиясы
әзірге құпия күйінде қалып отыр. Бұлар – құнды археологиялық олжа ғана
емес, көшпенділердің жоғары мәдениеті мен тарихының белгісі! Бұл мұра
- ұлттық тарих пен мәдениеттің алтын тұғыры.
Сақтардың Қазақстан аумағындағы ғана емес, Еуразия құрлығындағы
ең көне мемлекеттігінің (б.з.д. ҮІІІғ.) жәдігерлері. Шілікті даласында
зерттелді. Ұзын саны 200- ден астам сақ-үйсін мәдениетінің ескерткіштері
табылған бұл жазықта сақ патшаларының қырықтан астам обасы бар.
Соңғы кезде үш ірі патшаның обасы зерттелді. «Бәйгетөбе» деп
аталатын обадан алтын киіммен жерленген ертедегі сақ патшасының
мүрдесі ашылды. Оба ерте заманда-ақ тоналып кеткен екен.
Тоналғаннан қалған алтын түймелер, қаптырма әшекейлер мен
зергерлік бұйымдар саны 4000-нан асады.
1-тапсырма.
Мәтін бойынша жаңа сөздерден сөз тіркестерін сәйкестендіріп
құрастыр. Составь словосочетания из новых слов по тексту