-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой. Мәтін бойынша қорытынды жаз. «Робот» сөзі чех тілінен аударғанда «еріксіз еңбек" дегенді білдіретін «робо- та» сөзінен шыққан. Роботтың көптеген түрі бар. Робот жылжымайтын, жылжы- малы, дербес қозғалатын немесе жәндік түрінде болуы мүмкін. Роботтың жадында күрделі бағдарламасы болады. Кейбір жанды роботтар айтылған сөзді адамша түсініп, адамның бұйрығын екі етпей, мінсіз орындайды. Роботтар түрлі материалдан, көбінесе металдар мен пластиктерден жаса- лады. Олар мынандай негізгі үш бөліктен тұрады: Біріншісі - бақылаушы. Ол компьютер бағдарламасымен жұмыс істейтін «ми» деген атпен бізге жақсы таныс. Екіншісі - механикалық бөлшектер: мотор, қысқыш, дөңгелек және т. б. Бұл бөлшектер роботтардың жұмыс істеуіне, қимылдауына көмектеседі. Ро- боттар ауа, су немесе электр тогынан, сондай-ақ Күн сәулесінен қуат алады. Үшінші бөлігі - тетіктер (датчиктер). Олар роботқа айналасы туралы ақпарат беріп тұрады. Роботтар жан-жағына бұрылып, түрлі әрекеттер жасай- ды, Роботтар адамның атқаратын қызметін жартылай ғана орындай алады.