Тапсырма . Мәтінді оқы. Тірек сөздерді тап! Бала енді асығып, өз шешесіне қарай жақындай беріп еді, Жұманның қатыны, Қалиқа деген бір
жеңгесі:
- Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! - деп,
мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. Тағы бір жеңгесі - Ызғұттың қатыны
Тобжан да сүйді. Содан кейін үлкен қатындар және осы топтағы үлкен еркектің,
ағалардың да бір-екеуі сүйіп жатыр. Абайды шын балаға айналдырып жіберген
осы сүйістер еді. Ол қысылып қызарғанмен қашып та құтыла алатын емес.
Наразы боларын да, құптарын да білмеді. Бірнеше үлкен қатындардың көзінен
жас та көрінді.
Барлық үлкеннің құшағына амалсыз кезек-кезек кіріп болып, енді сытылып,
шешесіне қарай баса берді. Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу
жүзді - Айғыз қатар тұр екен.
Бала топтан шыға бергенде, Айғыз күліп:
- Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де
қалдырмады-ау, - деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді.
Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына
басып тұрды да, мандайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық
шешесіне де көптен бері мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ,
баурына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір
өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ.
- Әжеңе бар, әнеки! - деп үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді. Кәрі
әжесі Зере бәйбіше, таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.
- Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! - дей
беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан ілезде: -
Қарашығым, қоңыр қозым... Абайжаным... - деп кемсеңдеп, жылауға айналып
кетті.
Әжесі құшақтаған бойында үлкен үйге кірген Абай, ымырт жабылғанша
осында болды. Шешелері бұған біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай
ұсынып тықпалай берсе де, баланың бойына ас батпады. Жөндеп ішкен де жоқ.
Күні бойғы аштығы да ұмытылған сияқты.
Ас бере отырып, бойлары үйреніскен сайын, шеше, жеңгелері баладан:
- Елді сағындың ба, кімді сағындың?
- Молда болдың ба?
- Оқып болдың ба? - деген сияқтыларды қайта-қайта сұрады. Абай өзге
сұрақтарға жөнді жауап берген жоқ. Жалғыз-ақ кімді сағындың дегенде:
- Оспан қайда? Ол қайда жүр? - деп өзінің кіші інісі, тентек Оспанды
бірнеше рет сұрап еді.

kairatfylosof kairatfylosof    2   20.04.2021 10:59    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi