Тапсырма. Мәтінді оқы, 4 тірек сөзді анықта. Біз жылда «Отбасы күнін» шағын мейрам ретінде атап өтеміз. «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісінде болады. Бұл күні отбасы мүшелері, ағайын-туыс үйге жиналады. Біз бір-бірімізге сыйлықтар береміз. Осылайша, бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз. Әкем анам мен әжеме гүлшоқтарын береді.
Анам мерекелік дастарқан жаяды. Мен суретке түсіремін. Отбасылық мереке қызықты өтеді. Атам: «Отан отбасынан басталады. Отбасын жақсы көретін адам Отанын да жақсы көреді»,-дейді. Әкем-отбасының тірегі, анам –отбасының берекесі. Ағайын-туыстарымыз -біздің жақын адамдарымыз.
1.Тірек сөздер:, , ,
2. Мәтінге тақырып қойыңыз
3. Тірек сөздердің көмегімен мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз.
2-тапсырма. Берілген тірек сөздердің көмегімен «Менің ауылым» деген тақырыпта 5 сөйлемнен тұратын шағын мәтін кұрастыр. Тірек сөздер: таза, дәмді, салқын, тыныш, тамаша.
3-тапсырма. Деректі және дерексіз зат есімді қолданып, сұрақтарға толық жауап бер
1.Отбасы күні қашан болады?
2.Ананың туыстарын кім деп атайды?
3.Кімді үлгі тұтасың?
Аты-жөні:
6 «» сыныбы