Тапсырма . Мәтінді мұқият тыңдаңыз ( мәтінді ықшамдауға болады ) . Мәтінде орын алған мәселелерді анықтаңыз . Әлемнің ең үлкен кітапханасы « Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған » деп қорытындылайды профессор Ерeнғайып Омаров . Өкінішке қарай , даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен , ғылым білім , өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті . Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса , біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік . Осы кітапханадан білім алған , бүкіл алем мойындаған Әбу - Наср әл - Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық ... Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифт ері жинақтаған . Халиф әл Мамун ( 813-833 жж . ) Бағдат қаласында « Байт Әл - Хакм » ( Даналық үйі ) атты ғалымдар үйін ашып , дүниенің түкпір - түкпірінен ғалымдар шақырып , кітапхана қорын әзірлеген . Обсерватория ашқан . Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған . Бұл « Даналық үйінде » Орта Азияның гректің парсының , Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады . Солардың еңбегінің арқасында кейін « араб өркениеті » деген түсінік пайда болды . « Даналық үй інде » ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл - Хорезми басшылық жасады . Әбу Наср әл - Фараби де Бағдат халифiнiң шақыртуымен Бағдатқа барған . Осы кездегі Бағдат Халифiнiң басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар . Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді , қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек Фараб қаласының бұл заманда ғылым білім мәдениеті өте жоғары қала болғаны қаласының негізгі табыс көзі сау да деп білеміз . Кейін ғалымдар « Ұлы Жібек жолы » деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз. көме