-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ… бірақ…
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, ..
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Бәйге берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...
1-тапсырма. Өлеңнен автордың көңіл күйіне қатысты негізгі тірек сөзді анықтаңыз. (найдите основные опорные слова, определяющие настроение автора) 1. 2. 3.
2-тапсырма Шығарманың жанрын анықта (Определите жанр произведения)
1. Проза 2. Поэзия 3. Драма
3-тапсырма «Қазақстан – көпұлтты мемлекет» деген тақырыпта шағын әңгіме жазыңыз(40-60 сөз). (напишите рассказ на тему: «Қазақстан – многонациональное государство», 40-60 слов)
4-тапсырма Өлеңде қандай ұлттық ойын атаулары кездеседі.
(Какие казахские национальные виды игр встречаются в стихотворении)
5-тапсырма Өлең бойынша автордың көзқарасы қай сөйлемде берілген?
(какие из этих предложении соответствует основной идее и взгляду автора?)
1 Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, ізгіліктің дәнін еккен – аналар.
2 Бақытты болуға және армандардың орындалуына талпыну.
3 Табиғаттың сұлулығы мен ғажайып сипаты.
4 Келешек жастардың оқу-білімге құштарлығы
6-тапсырма. Мазмұнында төмендегі етістіктерді шартты рай тұлғасында қолданыңыз. (переделайте эти глаголы в форме условного наклонения)
Етістіктер: іс түсу, жақсылық жасау, қиналу, кемшілігін айту, ақыл сұрау, қиындыққа тап болу, қол ұшын беру, көмектесу, жаныңнан табылу, қуану, жылау
СО
құқығы
1-тапсырма. Ойтүрткі
1. Өз құқықтарыңыз туралы не білесіздер?
2. Жасөспірімдер құқығын қорғайтын қандай заң бар?
2-тапсырма. Құжаттан алынған үзіндіні оқыңыздар. Үзінді қай стиль түріне жатады?
13-бап. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар.
14-бап. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16-бап. Әркімнің өз жекебасының бостандығына құқығы бар.
17-бап. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
18-бап. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясынан
3-тапсырма. Тірексызба арқылы адам құқықтары туралы ой бөлісіңіздер
4-тапсырма. Жас журналист ретінде жасөспірімдердің құқығы жөнінде зерттеу жүргізіңіз(болжаммен жазыңыз)
5-тапсырма. Журналистік зерттеу нәтижесі (алдыңғы тапсырма бойынша тақырыбын қойып, колледж сайтына шағын мақала жазыңыз
6-тапсырма.Абайдың қарасөзін түсініп оқыңыздар.Қандай тақырыпқа арналған.
...Адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды - әуелі дос көбейтпек... Кімге достығың болса, достық шақырады. Ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.
Бұл өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі! Әуелгісі - әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады.
Екіншісі - өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзад.
Үшіншісі-қастық қылмақ ,қор тұтпақ ,кемітпек.Олар дұшпандық шақырады. Һәм өзі өзгеше тұтатын демектің тұбі-мақтан.Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілдік бітіреді де ,күншілдік күншілдікті қозғайды.Бұл үш түрлі істің жоқтығы адамның көңіліне тыныштық береді...
7-тапсырма. Абай неге үндейді ? Адамның қандай әрекеттері достық ,ал қандай әрекеттері дұшпандық шақырыды екен? Мәтін мазмұны