Тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды жазбаша білдіріңіз. Қиялмен көмкерілген шындық
Көркем әдебиеттегі автордың қалауына сәйкес өмірлік шындықты соны тәсілдермен жаңғыртатын «магикалық кристалл» туралы Пушкин заманынан бері айтылып келеді.Өмірде болмаған, болмайтын жайларды көркем образдар арқылы жаңаша бейнелеп, дүниебейнесін қайта құрып, оған төтенше, оқырманға таныс емес түр беретін әдеби амал –көркемдік ойдан шығарудың бір түрі. Жалпы, көркемдік қиял, ойдан шығару – әдебиеттің ажырағысыз белгілерінің бірі десек, әдеттегіден бөлекше бейнелеу – осы көркемдік ойлаудың, көркем шарттылықтың ең жоғары сатысы, яғни «шындыққа сәйкеспейтін» құбылыстардың поэтикалық шындыққа айналуы. Қиял – шығармашылық еркіндік көрінісі– негізінен романтикалық ирония бастауларының бірі болып табылады. Онда, көбінесе,дүние қияли сипат алып, автордың қалауымен һәм қиялымен жаңа қырынан көрінеді,«екіге жарылып», «өңі айналдырылып» фантастикаға ұласып отырады, мұнда оқиға-құбылыстар «қияли көрінеді, қандай да бір нақтылықтан адаланады, …онда көптегенғажайыптар орын алады».