ТАПСЫРМА. Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Қаламымды қайта алдым! Мен бала кезімде ғарышкер болуды армандаушы едім. Әрине, бұл әр баланың арманы шығар. Жаздың кей кештері далада жатып алып аспанға қызығушылықпен көз тастар едім. Айтпақшы, Астраномияға деген қызығушылығым ең алғаш «Космодромнан сөйлеп тқрмыз» деген Юрий Гагарин туралы кітапты оқытып еді. Кейіннен ғарышқа байланысты фантастикалық әңгімелерді көптеп оқыдым. Оның ішінде, ең алдымен, «Дымбілместің Айға саяхаты» да бар. Сөйтіп жүріп кішігірім фантастикалық әңгімелер жазып тұрдым. Оным Ұланға да шығып біраз мәз болып едім. Балалар, мен кейін жігіт болдым ба, әйтеуір әңгіме жазуды ұмытып кеттім. Оның үстіне маған жазудың қыры мен сырын үйрететін ұстазым да болмады. Меніңше, сөздік қорым аз болғаннан соң ба деп ойлаймын, көп ойды жеткізуге, суреттеуге сөзім жетпей қалады. Беу, кейін колледжде де оған қарауға уақыт болмады. Сабақ оқу, қоғамдық жұмысқа қатысудан уақыт дегеніңіз арлтайды-ақ. Енді қазір сол кездегі қаламымды қолыма қайта алып бірдеңке шимайлаған болдым. Бірақ менің бұл ойға сыймайтын, шым-шытырық, фантастикалық әңгімелерімді оқитын адам да табылмай қалады. Фантастикалық әдебиеттің оқырмандары немесе жанкүйерлері жоқ десе де болады. Қазіргі уақытта фантастикалық фильмдер мен компьютердік ойындар қаптап кетті. Оқырмандар фантастикалық ғажайыптарды кітап оқымай-ақ теледидардан көре салғанды әдеқайта тиімді санайды. Себебі адамдардың барлығы ғаламтор шырмауында...http://kerekinfo.kz(мәтін өңделген) СҰРАҚ: Мәтінде оқшау сөздің қандай түрлері кездеседі? Теріп жазыңыз. Жоғарыда берілген мәтіннің мақсатты аудиториясы қандай? Мәтін құрылымын анықтаңыз. Мәтіннің стилін жазыңыз.