Тапсырма Мәтінді мұқият оқып, автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы аннотация не тезис жазыңыз. * Бүгінде елімізде баламалы энергия көздерін игеруге деген ұмтылыс көңіл қуантады. Оны кейбіреулер жерасты кен қазбалары көлемінің азаюымен байланыстырып жүр. Негізінде, мүлде олай емес. Жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан, елімізде энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды, дегенмен қоршаған ортаны таза сақтап, жаңартылмайтын энергия көздерінің мол қорын болашаққа аманаттап қалдыру – басты міндетіміз. Жаңартылған және баламалы энергия көздерін өндіруге әлеуетіміз мол. Ендеше, неге бізге экологиялық тұрғыдан тиімді, залалсыз істі қолға алмасқа?
Баламалы энергия көзін табу, ең алдымен, әлемдегі барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игі іс болмақ. Олай етпеген күнде көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзады.
Еліміздің баламалы энергия көздерін дамытудың «жасыл» жолына көшуіне елордада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қуатты серпіліс берді. Қазақстан бұл істе алғашқы болып бастама көтеріп, энергияның баламалы түрлеріне көшуде, табиғатқа да, адамзатқа да залалсыз баламалы қуат көздерін дамытуды насихаттап, елімізде жасалып жатқан сол бағыттағы жаңа технологияларды ұсынды.
Көрмеге келушілер «жасыл экономиканың» жетістіктерін өз көздерімен көрді. Әлемдік деңгейдегі баламалы энергияның өндіріс жолдарының жай-күйіне де қанықты. Аталған шарадан Күннен, желден, судан электр қуатын өндіруде тың идея, соны жаңалықтар көптеп күтілуде. Оның қатарында қоғамдық көліктерге қолданылатын экологиялық таза отын, электрокөліктердің іске қосылуы жатады. Әсіресе, оңтүстік өңірлердің климаттық жағдайы Күн қуатын пайдалануға қолайлы: жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат Күн энергиясын өндірудің мүмкіндігі бар. Бұл – отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жүзеге асыруға жетелеп отыр