Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз. Мәтіндегі
өзекті мәселелер бойынша өз ойыңызды жазыңыз.
Күн энергиясы су жылыту, салқындату, жылыжай сынды көптеген салада тікелей
қолданылады. Осы энергия электр қуатына Күн панельдері арқылы айналдырылады.
Баршаға мәлім, қалдық жағармайлардан шығатын энергия зиянды газ шығуына себеп
болып, табиғатты ластайды. Осыған керісінше, шексіз энергия көзі Күн газ, тұман, күкірт
немесе радиация сынды қалдық қалыптастырмайды. Күн энергиясы станцияларының
салынуында алғашқыда құны жоғары болса да, энергияны жинау үшін арнайы жиһаз немесе
операция қажет болмағандықтан, басқа шығын шықпайды. Дүние жүзінің көптеген жерінде
қолдануға болатын Күн энергиясы табиғатты қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі.
Күн энергиясынан барлық салада ең тиімді түрде пайдалану үшін:
- Ғимараттардың Күн энергиясын пайдаланатын түрде жобалануы,
- Күн панельдерінің көбейтілуі,
- Мүмкіндігінше Күн энергиясымен жұмыс істейтін батарея мен өнімдерді таңдау,
- Күн энергиясымен жұмыс істейтін су жылыту жүйелерінің арттырылуы керек.
Шексіз, зиянсыз және тегін Күн энергиясы таза табиғат және мықты экономика үшін өте
маңызды.