Тапсырма: мәтінді мұқият оқы. Ұлы Отан соғысы халқымыз үшін ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 тәулік бойы соғыс жүріп жатты. Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері көптеген ерлік көрсетті. Ержүрек жауынгерлер қатарында қос батыр қыздарымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болған. Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал ауданында туған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқиды. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанады. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен, батылдығымен көзге түсті. 1944 жылы 1 наурызда сержант М.Мәметова ерлікпен қаза тапқаннан кейін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында, 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда ерлікпен қаза тапты. 19 жасар Әлияны майдандас жолдастары «Шығыс жұлдызы» деп атаған екен. 1944 жылы 4 маусымда «Кеңес Одағының Батыры» атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы 1945 жылы 9 мамырда Кеңес елінің жеңісімен аяқталды. Бұл – нағыз Ұлы Жеңіс болды.
1-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап бер.
Сұрақ Жауап
1
Әлия мен Мәншүктің ерлігі қалай
марапатталды?
2 Ұлы Отан соғысы қай жылы, қай күні басталды?

2-тапсырма. Мәтіннен берілген сөздердің антоним/синонимін тап.
1. «Бейбітшілік» сөзінің антонимі -
2. «Болашақ» сөзінің синонимі -
3. «Батырлық» сөзінің синонимі -
3-тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне қарай талдаңдар.

Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері көптеген ерлік көрсетті.

Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында, 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген.


4-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер.
1. М.Шолоховтың «Адам тағдыры» атты туындысын қазақ тіліне кім аударды?
а) Бауыржан Момышұлы
ә) Әзілхан Нұршайықов
б) Талғат Бигелдинов
2. «Ақиқат пен аңыз» романы кім туралы?
а) Мәншүк Мәметова
ә) Бауыржан Момышұлы
б) Әлия Молдағұлова
3.Хиуаз Доспанова нешінші гвардиялық полк құрамында болды?
а) 44
ә) 45
б) 46
4.Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры кім?
а) Рақымжан Қошқарбаев
ә) Талғат Бигелдинов
б)Бақтыораз Бейсекбаев
5. Бауыржан Момышұлы - кім?
а) әнші
ә) жазушы
б)композитор

Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын эссе жаз.

1) «Ер есімі – ел есінде»
Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

2) «Мен білетін өнертапқыштар»
Өнертапқыш – ғылыммен айналысушы, ғылыми ізденіс жасаушы, тың ойлар мен түрлі жобаларды іске асырушы адам. Қазақстанда жас өнертапқыштардың саны көбейіп келеді. Олар елдің экономикасын дамытуға, мемлекетті көркейтуге қажетті ұтымды жобалар ұсынуда. Өзің білетін, естіген қазақ өнертапқышының ойлап тапқан бір жобасы жайында өз ойыңды жаз.

айжан65 айжан65    3   14.05.2021 12:29    2

Ответы
kychymm kychymm  14.05.2021 12:30

1.Кеңес Одағының Батыры деген атағы берілді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi