тапсырма. Мәтінді екі рет мұқият тыңдап, мазмұны бойынша 3 жабық сұрақ құрастырып,. жауабын жазыңыз.Сұрақты мәтін мазмұны бойынша құрастырып, жауапты мәтіннен жазыңыз. Нұрсұлтан Әбішұлының дүниеге келуінің өзі ерекше екен. Көптен балалары болмаған соң, ата-анасы әулиенің басына түнеп, құдайдан сәби тілеген екен. Сол күні анасы түс көріп, түсінде теңіздің түбінен «күміс мылтық» тауып алады. Міне, осының өзі баланың болашағы жарқын екенін, көп нәрсеге қол жеткізетінін білдірген ғой. Елбасы дүниеге келгенде қатты жаңбыр жауған екен. Мұны нұр жауды деп атын Нұрсұлтан деп қойған екен. Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген соң, Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады. Нұрсұлтан ертерек еңсесін тіктеп, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық жағынан көмектескісі келді. Өйткені ол отбасының үлкені еді. Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті.