Тапсырма Мәтін үзіндісін мұқият оқып шығыңыз. Мазмұнына сай оқиғаның дамуы мен аяқталуына болжам жасап, өз болжамыңыз бойынша мәтінді аяқтаңыз.
Мейірімді аяз
(ертегі)
«Қытымыр аяздың бұл өлкеге ат ізін салмағалы біраз жылдар болған. Соңғы рет
қашан келгені есінде жоқ. Әйтеуір бір келіп, малшылардың берекесін алып, балалардың
беті-басын шымшылап, бүкіл жерді мұзға орап әлек салып кеткені есінде. Ее, содан бері
талай уақыт өтіпті-ау. Биылғы келісін де адамдар жақтырмайтын шығар деп ойлаған. Жоқ,
қателесіпті. Оны елейтін тірі жан жоқ сияқты. Бұл тұрмақ, бір-бірін де көрмейтін сияқты.
Япыр-ай, мына адамдарға не болған?! Әне бір қария жолдан өте алмай тұр еді, оған
көмектескен пенде болмады. Мына бала неге жылап отыр? Киімі де жұқа сияқты.
Адамдардың бәрі шұқшиып қолдарындағы заттан көз алмайды. Жүрсе де, тұрса да, отырса
да, тіпті ұйқыға жатса да сол пәлеге жабысып қалған. Ең сұмдығы, көздеріндегі от қайда
кеткен Құдай-ау?! Бұрын аязды елемей қара балтасын алып отын жаратын жігіттің
бойындағы жалын сөніп қалғандай. Сыртта асыр салып ойнайтын балада көрінбейді. Әне,
сары шана мен қызыл шаңғы қаңтарулы тұр. Бұрыыын балалармен ойнаған қызық еді.
Олардың бетін қанша шымшыласа да, балақайлар одан әрі асыр салып, қар лақтырысып,
шанамен зуылдап ойнаушы еді. Адамдарға не болғанын түсіне алмаған аяз енді терезеге
өрнек салып, балаларды қуантпақ болды. Ары үрледі, бері үрледі. Мына терезелерге де не
болған? Тіпті, әдемі өрнек те салынбайды. Бұрын қандай керемет өрнектер салушы еді.
Адамдар тіпті оны «Аяз-шебер» деп атайтын сол үшін. Осылайша көп жүріп, көп көрген
Аяз енді ашуына мінді. Адамдардың бойындағы мейірімнің суып бара жатқанын аңғарды.
Ол қатты ұйытқып, кәріне мінді.
Негізгі ақпарат



Көзқарас

Jefry228 Jefry228    2   18.10.2020 19:55    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi