-тапсырма Мәтін атауына өз пікіріңізді білдіріңіз.Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, көтерілетін мәселені болжаңыз.

ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕУ - БОРЫШЫМ
Қазіргі таңда салт - дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз қынжылтады. Бұлай жалғаса берсе түбі бір жойылып кетпейтініне кім кепіл, кім куә? Егемендік алғанымызға бірталай уақыт өтті. Содан бері
кейбір салттарымыз әлі күнге дейін өз орнын таппай жүр.
«Ел боламын десең бесігіңді түзе»,- демекші ең алдымен отанға деген сүйіспеншілікті салт - дәстүрді түзеуден бастау керек. Ұрпақ бүгін салт - дәстүрін білсе, ертең тарихын таниды. Ал тарихын білсе, отанын сүйеді.
Бала түгіл үлкен адамдар да біле бермейтін салт - дәстүр түрлері өте көп. Солардың бір түрі- «Белкөтерер» салты.
«Тоқсан көремін деген жасым ба еді, быламық ішемін деген асым ба еді» деп бұрынғы
қариялар айтпақшы, жасы келген адамдардың тісі жоқ болған соң тамақ іше алмайтыны белгілі. Мұндай жағдайда оларға арнап «Белкөтерер» тағамы дайындалады екен. Бұл жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол тамақтардан дайындалады. Мұны бала-шағасы, көрші - көлемдер, сыйлас кісілер жасы ұлғайған кісіге әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза болған қарт балаша қуанып, батасын береді екен.
Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдары сыйлаудың, бағып -қағудың үлгісін көреміз. «Белкөтерер» аурудан жаңа тұрған адамдарға да, сол сияқты «Наурыз», «Айт» күндері де үлкендерге де арнайы тартылады. Тек наурызда ғана емес әркез дайындап беріп тұрсақ, салт - дәстүрімізге деген ерекше құрмет болары сөзсіз. Бұл дәстүрдің жастардың бойына қазақтың салт-жоралғысына деген орасан сүйіспеншілік, бойына адамгершілік, жүрегінде имандылық қасиеттерін қалыптастырары анық.
/bilimdiler.kz/.../10575-azaty-salt-dstrlern-rmetteu-boryshym Өңделген/

2-тапсырма
Мәтінде кездесетін үстеулерді мағыналық түріне қарай кестеге орналастырыңыз, синонимдік қатарын табыңыз.

Мысалдар Үстеудің мағыналық
түрлері Үстеудің синонимдік қатары
Қазіргі Мезгіл үстеуі
бұлай Себеп-салдар үстеуі

2-тапсырма
Үстеудің синонимдік қатарын түрлендіріп, «Салт-дәстүр-тәрбие көзі» тақырыбына 60-70 сөз көлемінде жинақы мәтін жазыңыз.

dkrutov03 dkrutov03    3   10.03.2021 11:52    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi