Тапсырма Етістіктің райларын табыңыз. Шартты рай
Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді.
М: көрсе, кірсе, мінсе,- шартты рай