- Қазақ тiлi
- Тапсырма Екі мəтінді мұқият
Тапсырма Екі мəтінді мұқият оқыңыз. Кестеге сүйене отырып, мəтіндерді салыстырыңыз.
1-мəтін
Арқамнан тасбақа сырғанап түскендей дір ете қалдым. Көзінен ашу шатынап тұрған ақ
қалпақтыны енді таныдым. Бұл анада бізден шылым тұтатып тартатын, жол үстінде
кездескен қойшы еді.
— Ақсақал, қаракөліңізді мен алған жоқпын, — дедім жалынышты үнмен.
— Енді кім алды?
Мына масқара оқиғадан мен өзімді дереу ақтап алуым керек болды. Шынымды айттым:
— Қасымдағы бала алыпты.
— Ол қайда? Ол кім дегеннің баласы? — деп əкіреңдейді шоқша сақал.
— Сұлтан деген бала, анда... ана жерде тұр.
Шоқша сақалды ертіп, əлгінде Сұлтан екеуіміз тұрған жерге келдім, жоқ. Сұлтаным зымзия зытып отырған түрі бар.
— Қайда? Кəне?
— Əлгінде осы арада тұрған.
Сол арадағы бірталай əуесқой жұрт:
Не болды?
— Не? Бұл не істеді? — деп, күресті қойып, бізге назар аудара бастады. Өлімнен ұят күшті
дегендей, не істерімді білмеймін.
— Сұлтан! Əй, Сұлтан! — деп дауыстаймын. Кенет біреудің:
— Сұлтан əне. Атына мініп, зытқалы жатыр, — деген үні саңқ ете қалды.
Ол нұсқаған жаққа жалт бұрылып қарасам, Сұлтекең ат үстіне қонып та қалған екен.
— Сұлтан! — деп айқайлап жібердім. Бірақ ол тыңдамады, атына қамшыны бір басып, тік
төмен қарай құйғытып тартып отырды.
— Кетті! Əне кетті! — дедім шоқша сақалға.
— Қап...
2-мəтін
Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы
тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді
сəл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең
сүйретіп, ес қалмай далбақтай жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның
алқына шыққан əлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден
де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін.
мне нужно