-тапсырма. Берілген сөздерді жақшадағы сөздермен тіркестіріп жазып, мағынасын түсіндір. Сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажырат.
Үлгі: Ақ бата — ауыспалы мағына, «ізгі ниет, жақсы тілек» деген мағы-
нада. Ақ орамал тура мағына, орамалдың түсін білдіріп тұр.
- Ақ (бата, орамал, дастарқан, жол, қағаз)
Жақсы (бала, ниет, сөз, жұмыс)
Қисық (ағаш, тәрбие, мінез, тақтай)
Суық (жел, су, қол, хабар)
Терең (өзен, ой, білім, құдық)

Sci6fiweapons Sci6fiweapons    1   01.02.2021 08:51    6

Ответы
itpediaigor itpediaigor  03.03.2021 08:56

Ақ дастарқан - тура мағына, дастарқанның түсін білдіріп тұр

Ақ жол - ауыспалы мағына, сәтті сапар деген мағынада

Ақ қағаз - тура мағына, қағаздың түсін білдіріп тұр

Жақсы бала - тура мағына, баланың қандай екенін білдіріп тұр

Жақсы ниет - ауыспалы мағына, ізгі ой деген мағынада

Жақсы сөз - тура мағына, сөздің жақсы екенін білдіріп тұр

Жақсы жұмыс - тура мағына, жұмыстың қандай екенін білдіріп тұр

Қисық ағаш - тура мағына,ағаштың қисықтығын айтып тұр

Қисық тәрбие - ауыспалы мағына, дұрыс тәрбие берілмегенін айтып тұр

Қисық мінез - ауыспалы мағына, мінезінің шатақ екенін айтып тұр

Қисық тақтай - тура мағына, тақтайдың қисықтығын айтып тұр

Суық жел - тура мағына, желдің суық екенін білдіріп тұр

Суық су - тура мағына, судың суық екенін білдіріп тұр

Суық қол - ауыспалы мағына,жаман іс бітіргенін айтып тұр

Суық хабар - ауыспалы мағына, қаралы, жаман хабар деген мағынада айтылып тұр

Терең өзен - тура мағына, өзеңнің терең екенін білдіріп тұр

Терең ой - ауыспалы мағына, көп ойлайды деген мағынада айтылып тұр

Терең білім - ауыспалы мағына, көп білім деген мағынада айтылып тұр

Терең құдық - тура мағына, құдықтың терең екенін білдіріп тұр

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi