Тапсырма: Берілген мәтінді түсініп оқып, мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпараттарды
табыңыз.[2]
Өзендердің қоректенуі
Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен қоректенеді.
Қар, жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері
жатады. Өзендер суды алдымен еріген қардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суы
деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен қоректенеді.
Шөлейт және шөл зоналарының өзендеріне – Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу
жатады. Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында да болады. Кейбіреулері мүлдем
тартылып қалады.
Қазақстанның таулы бөлігінің барлық өзендері қар суымен және мұздықтармен
қоректенетін түріне жатады. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден
басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін
созылады. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты
суымен қоректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды. Тек кей жерлерде ғана
жағалық мұздар байқалады. (126 сөз)