Тапсырма. Азатжол бойынша тақырып пен сұрақтар қой.
Байқоңыр – ғарыш айлағы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жербеті ғылыми ғарыш полигоны саналады. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин Юрий Алексеевич Байқоңырдан «Восток» кемесімен ғарышқа аттанып, ғарышты бағындырды.
Байқоңырдан Ай, Марс пен Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ да ұшырылады. 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Қазақ ғарышкері – Талғат Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдар) болды.
«Байқоңыр» ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді. «Байқоңыр» кешенінен Қазақстан Республикасының аумағына жылына 30-35 мың тонна улы зат таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының табиғатына көп зақым келтірді.
Оқылған мәтінді толығырақ түсіну үшін Байқоңыр ғарыш айлағы туралы https://youtu.be/hcFnEW-sk-Y сілтемесі арқылы көре алады.
3-тапсырма Берілген сөздерге бір сөзден қосып, сөз тіркесі ретінде толықтырып жаз: орналасқан, көтерілді, ашылды.
1. Орналасқан
орналасқан
2. Көтерілді
көтерілді
3. Ашылды.
ашылды​

1978dan 1978dan    1   15.04.2020 17:53    15

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi