Тапсырма: Аяқталмаған өлеңді толықтырып, жалғастырамыз «Әсемдік»
Күн сәулесі әдемі,
керілгені әдемі.
асыр салып жүргенде,
Көк әдемі.
«Сұлулық»
Жас шыбықтың әдемі,
гүл ашқаны әдемі
кездесіп,
Амандықты
«Әдемілік»
сайрағаны әдемі,
ойнағаны әдемі.
Ақ боз атын ерттеп
өріске әдемі
Күн сәулесі төгілгені – әдемі,
Кемпірқосақ керілгені – әдемі.
Көк шалғында асыр салып жүргенде,
Көк көбелек көрінеді – әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны – әдемі,
Алма ағаштың гүл ашқаны – әдемі.
Қариялар жол үстінде кездесіп,
Амандықты сұрасқаны – әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны – әдемі.
Ақ ботаның үріккен кезі – әдемі,
Әжеміздің күлген көзі – әдемі.
Бәрінен де жасқа толған бөпемнің,
Тәй-тәй басып жүрген кезі – әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны – әдемі.
Домбыраны баппен тартсаң – әдемі,
Шарықтата әнге салсаң – әдемі.
Ұлан-сыр думанды-той үстінде,
Құрбылармен ойнап-күлсең – әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны – әдемі.