Тапсырма …Алып қорғанның құлағанын көрдім, Небары алты жасымда, Алып тұлғалар жылағанын көрдім, Бастарын сүйеп ғасырға. Алып таулардың шайқалғанын көрдім, Алты жасымда соны ұқтым: Алып сөздерді айта алғанын көрдім, Ат төбеліндей халықтың. Алып кітаптар торыққанын көрдім, Сол сәтте-ақ одан безінгем, Алып ойлардың қорыққанын көрдім, Ең бір нәзік сезімнен. Алып сағаттар тоқтағанын көрдім, Өлшенді уақыт жаңадан, Алып жүректер ақталарын көрдім, Алты-ақ жасар баладан. Алып құрлықтар теңселгенін көрдім, Темір бұғаулар тозғасын, Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім Империяның көз жасын!