Тапсырма. А. Мəтіндерді мұқият тыңдаңыз. 1- мəтін
Келіннің тапқырлығы
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай Қасқырбай Қойбай Қубай Субай Қайрақбай Пышақбай Баубай Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп:
«-Келін- ау, келін, судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Тез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап əкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу!», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «Шапқы-ау шапқы шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білемеге жанып əкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», -депті.
Сілтемесі: asyldin.kz › article › view

2-мəтін
Қайта оралды қазағыма бүгін дəстүрлері. Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді. Берекелі қазақ жері - ел мерекелі
Дəстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі. Шілдехана бесік той
Тұсау кесер сүндет той
Ай, шіркін-ай!
Құда түсіп сырға салу
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен, Қыз-бозбала кең даланы
Əнімен елтіп тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шыққан бəйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сəукеле. Жоғалмасын дəстүріміз ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дəстүрін
Сілтемесі: sazalem.com › track › altynbek-tashimbetov-kazagymnyn-dasturleri-ai

netunikaa netunikaa    2   18.10.2020 05:02    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi