Тапсырма 9. төменде берілген ақпаратты оқу. қосымша дереккөздерді қолданыңыз және өзіңіз қалаған бір танымал кәсіпкердің түйіндемесін жаз. " 2013 жылдың танымал бизнесмені" атанып, мемлекеттің аукциондарына қатыспай, екінші нарықтың активтерін сатып алып, шетелдік инвесторлардың мәмілелеріне қатыса отырып, табыс таба алды. Болат Өтемұратовтың бизнесін алтын өндіру фабрикасын, қонақ үйін салудан, банк секторын игеруден бастады."tsc group" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы, кәсіпкер бауыржан оспанов жыл сайын корпорация бюджетінен жастарды оқытуға, мәдени мұраға, мектептерге, мешіттерге, ауруханаларға, аз қамтылғандарға демеушілікке 1 миллион доллар жұмсайды
Болат Өтемұратов 1957 жылы 13 қарашада Қазақ КСР Гурьев қаласында (қазіргі — Атырау) дүниеге келді. Руы - қожа.
Қызылорда қаласындағы К.Е. Ворошилов атындағы № 3 мектепте білім алып, 1975 жылы 10-сыныпты бітірді.
1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдап, экономист мамандығын алды. Институтты бітіргеннен кейін, сол жерде оқытушы болып, кейіннен 1986 жылға дейін Алматы сауда басқармасы жүйесінде жұмыс істеді. 1986-1990 жылдары Кеңестік аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
1990-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитеті – кейіннен Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 1992 жылы Австриядағы Қазақ сауда үйінің бас директоры болып тағайындалды. 1993 жылы Қазақстанға оралып, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары (1993-94 жж.), ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары (1994-1995 жж.) ретінде қызмет атқарды.